Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа Стандарттар
Айқын және біркелкі, стандарттар және регламенттер арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде ашық және тиімді процесстерін ұйымдастыру қызмет көрсету кезінде субъективті тәсілдің кіріп кетпеуіне ықпал етеді, мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық дәрежесін барынша азайтады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 сәуірдегі №177 Қаулысымен Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі жер қатынастары саласында жаңа қызмет көрсетумен толықтырылды:
- «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру»;
- «Жер учаскелердің бөліңетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау».
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі №285 бұйрығымен жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Стандарттар бекітілген.
Осы қызмет көрсетудің мерзімі - 15 күнтізбелік күн. Ұсынылған құжаттардың толық болмауының фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
«Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» Қызмет көрсету бойынша қажетті құжаттардың тізбесіне: нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжат; Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасы. «Жер учаскелердің бөліңетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» қызмет көрсету бойынша өтініш және жеке куәлігімен қатар, сонымен қатар жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын ұсыну қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру және өтініш қабылдау Ақмола облысының жер қатынастары басқармасы, аудандар мен Көкшетау және Степногорск қалаларының - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазіргі таңда, жер қатынастары бойынша орталық уәкілетті органымен «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде ауыстыру бөлігіндегі жоғарыда көрсетілген Стандарттарға өзгертулер енгізу жұмыстары жүргізілетінін ескеру қажет.
Орын.: Р. Карымсакова
Тел: 25-68-66
Страница создана: 10.01.2018 09:34
Обновлена: 10.01.2018 09:34