Оңтайландыру мен автоматтандыруға бағдарланған бағыт
Әкімшілік кедергілерді қысқарту және жеңілдету мақсатында мемлекет тарапынан азаматтар мен заңды тұлғалар үшін мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін одан әрі оңтайландыру, қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін барынша енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының көпшілігі 2015 жылдың мамыр айында қайта бекітіліп, жүргізіліп отырған саясат бойынша барынша рәсімдерін оңайлату және құжаттар тізбесін қысқарту арқылы әзірленді.
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 37 жұмыс күнінен 30 күнтізбелік күнге дейін, «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне аударуына шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 95 жұмыс күнінен 30 күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.
«Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануына шешім беру» мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 жұмыс күнге белгіленді. Осы қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тек өтініш, жеке куәлігін, жер учаскесінің жоспарын (схеманы), іздестіру жұмыстарын орындауға тапсырманың көшірмесін береді.
«Мемлекеттік меншігінде болатын, сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) жүргізуге талап етпейтін жер учаскелерін сатып алу» стандарты қолданысқа енгізілген мемлекеттік қызметтер стандарттардың соңғысы болып табылады.
Бекітілген Стандартта тек үш құжаттың беруі қарастырылған: өтініш, жеке куәлігі, жер учаскесінің орналасу схемалары.
Стандарттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері айтарлықтай қысқартылды, сондай-ақ құжаттар тізбесі ең азы.
Жер ресурстары ұлттық байлық екендігін есте сақтау керек. Оны тиімді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Осыған байланысты, жер қатынастары саласындағы ең маңыздысы - мемлекеттік қызмет көрсету.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуге жататын азаматтардың және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне құқық алу әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатады, алдағы уақытта оның құқығын жою, сот тәртібінде ғана мүмкін болады.
Сондықтан, жер ресурстарына қатысты мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру, сондай-ақ бизнес-үдерістерді одан әрі оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін және қажетті құжаттар тізбесін қысқарту жөніндегі мәселелер мұқият және егжей-тегжейлі зерттелуі қажет.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің оңтайландыруға және автоматтандыруға бағдарланған бағытының өзіндік артықшылықтары бар. Бизнес-үдерістерді одан әрі оңтайландыру, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін және қажетті құжаттар тізбесін қысқарту процестерін жалғастыру үшін ақпараттық базаларды, сонымен қатар мемлекеттік органдар арасында ықпалдастыруды одан әрі қалыптастыру және жетілдіру қажет.
Страница создана: 18.07.2017 16:07
Обновлена: 18.07.2017 16:07