Тағайындау жөніндегі жерді пайдалану

ҚР Жер кодексінің 97 бабына сәйкес (бұдан әрі - Кодекс) - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылықты, бағбандықты және саяжай құрылысын дамыту үшiн жеке меншiкке беріледі.

Ауыл шаруашылығы өндірісін, шаруа немесе фермер қожалықтарын жүргізу үшін жеке және заңды тұлғаларға берілген жер учаскелерінде және жеке қосалқы шаруашылықтың егістік телімдерінде ауыл шаруашылығын жүргізуге қатысы жоқ объектілер, оның ішінде тұрғын үйлер (жеке тұрғын үйлерді қоса алғанда) салуға жол берілмейді.

 Кодексінің 65 бабына сәйкес - жер учаскесiн пайдаланудың нысаналы мақсаты мен режимiн, сервитуттар мен нормативтiк құқықтық актiлер негiзiнде белгiленген басқа да пайдалану талаптарын жер учаскесi меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз бетiнше өзгертуiне болмайды. 

Егер Сіз бау-бақша (саяжай құрылысы) жүргізу үшін нысаналы мақсатына сәйкес жер учаскенің аталған құқықиеленушісі болған жағдайда  осы құқық жер учаскелеріне барлық орталық инженерлі коммуникацияларды жүргізу білдірмейді, өйткені тиісті инфрақұрылым тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін бөлу кезінде қамтамасыз етіледі.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін және жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуіне оларға жатқызылған саяжай массивтері ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатын өзгертуіне жол берілмейді.

Осыған байланысты, қолданыстағы заңнамамен саяжай үйлерінде тұру тыйым салынбайды, бірақ осы жерлер олардың нысаналы мақсатына сәйкес қолданылуы тиіс.   

 

 

 

 

Страница создана: 18.07.2017 16:07

Обновлена: 18.07.2017 16:07

НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Управление Земельных Отношений Акмолинской Области
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: 020000, Акмолинская область, город Кокшетау, ул. Сатпаева 1б
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (7162) 25-34-71
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: p.priemnayaakmo.gov.kz
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР БОЙЫНША ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ: 8 (7162) 25-68-66