Жер заңнамасындағы өзгертулер

Жер заңнамасы кез келген құқық саласы ретінде үздіксіз дамытуда орналасқан. 2015 ж. соңғы тоқсаны жер заңнамасында бірқатар елеулі өзгерістерге толы болды. Көрсетілген кезеңде жер қатынастары саласын қозғайтын 8 нормативтік құқықтық актілер қабылданды, оның ішінде заң түрінде 7.   

2015 жылғы 02 қарашадағы №389 «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына ең елеулі өзгерістер енгізіледі.

ҚР ЖК 101 б. 1 т. және 97 б. 6 т. жаңа редакцияға сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін, орман өсіруді, қосалқы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер учаскелері тек қана жеке меншікке берілетін болады. Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге жер пайдалану құқығы тек қана ғылыми-зерттеу, тәжірибе және оқу мақсаттарына, бау-бақша мен шалғайдағы жайылымдық мал шаруашылығын жүргізу үшін беріледі. 

  Ерекше тоқталатын ҚР ЖК 171 б. тоқталу қажет, енгізілген өзгертулерге сәйкес, жер учаскелер 2016 жылдың 01 шілдеге дейін берілген азаматтар және заңды тұлғалар жалға алу мерзімінің аяқталуына дейін  10 жылға дейін мәулетпен кадастрлық құныңан 50 пайызға тең болатын жеңілдік бағасы бойынша жер учаскені меншікке сатып алуға құқылы, бұл ретте егер жер пайдаланушы сатып алу құқығын іске асырмаса, оның жер пайдалану құқығы қысқартылуға жатады.  

ҚР азаматтары және ҚР мемлекеттік емес заңды тұлғалар шаруа қожалығын жүргізу немесе  тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін бұрын алынған жер учаскесі  2016 жылдың 01 шілдеге дейін берілген кадастрлық құныңан 50 пайыз кем болмайтын жер учаскесіне қосымша ақы төлеу алусыз жер учаскенің меншік иесі болады.  

Жаппай меншік құқығын ауыл шаруашылық жерлеріне енгізу азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың экономикалық айналымға қосымша құралы ретінде және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің жауапкершілігін арттырады, осылайша жер нарығын дамытуын жандандырады.  

 

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы                                                   А. Сергазин 

 

 

 

Страница создана: 18.07.2017 16:07

Обновлена: 18.07.2017 16:07

НА ГЛАВНУЮ СТРАНИЦУ
© 2011
Управление Земельных Отношений Акмолинской Области
разработка портала
IT-Expert
ПОШТА МЕКЕНЖАЙЫ: 020000, Акмолинская область, город Кокшетау, ул. Сатпаева 1б
ТЕЛЕФОН/ФАКС: 8 (7162) 25-34-71
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: p.priemnayaakmo.gov.kz
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЛЕСІ ТЕЛЕФОНДАР БОЙЫНША ХАБАРЛАСУҒА БОЛАДЫ: 8 (7162) 25-68-66